Теһран, Дамаск және Мәскеу лаңкестікке қарсы бірлесіп ынтымақтастық жасауда
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің ақпарат хатшысы:" Иран, Сирия және Ресейдің тәкфирлік лаңкестікке қарсы ынтымақтастығы ұлғаю бағытында орындалып жатыр" деді.
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің ақпарат хатшысы Кейван Хосрави Иран мен Ресейдің Сириядағы лаңкестік топтарға тосқауыл қою негізіндегі ынтымақтастығы туралы: «Иран мен Ресейдің, Сирия және қарсыласу майданының Сириядағы тәкфирлік лаңкестік ағымына қарсы ынтымақтастығының басталғанына көп уақыт болды. Осы ынтымақтастықтар басталғаннан бері оған мүше елдер арасында саяси, қауіпсіздік және әскери қолбасшылардың жоғары деңгейлерінде түрлі отырыстар мен кездесулер өтті.
Иран мен Ресей және Сирияның ортақ мүддесі негізінде нақты да тиімді серіктестік жасалуда» деді.