Иран мен Еуропалық Одақтың туризм саласындағы ынтымақтастығы кеңейеді
(last modified Wed, 17 Aug 2016 13:43:47 GMT )
Там 17, 2016 19:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуропалық Одақтың туризм саласындағы ынтымақтастығы кеңейеді

Иранның солтүстік батысындағы Хой қаласының губернаторы мен Италиядағы Еуропалық Одақтың зерттеулер орталығының орынбасары екі тараптың ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.

Батыс Әзірбайжан облысына қарасты Хой қаласы мен Еуропалық Одақ арасындағы туризм мүмкіндіктерін тану мақсатында бірлескен зерттеу комитеттері құрылып, Хой қаласының әкімі Хосейн Сивани Асл мен Италиядағы Еуропалық Одақтың зерттеулер орталығының орынбасары Матео Гочионенің бірлескен отырысында ынтымақтастықтарды кеңейту қуатталды.

Хой қаласының әкімі Хосейн Сивани Асл: "Хой туризм және инвестиция тарту негіздері бойынша қолайлы мүмкіндіктерге ие. Ондаған тарихи ескерткіш пен рельстік жол мен шекаралық кеден осы мүмкіндіктердің қатарына жатады" деді.

Италиядағы Еуропалық Одақтың зерттеулер орталығының орынбасары да осы кездесуде сөйлеген сөзінде: "Батыс Әзірбайжан Иранның туризмді дамыту үшін мүмкіндігі бол облыстарының қатарына жатады. Хой қаласының жағырапиялық ерекше жағдайы мен тарихи жағынан көнелігі екі тарап арасында зерттеу ынтымақтастықтарын үшін бастама бола алады" деді.