Иран мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастықтары жүзеге асырылуда
Иранның Экономика және қаржы министрінің орынбасары Иран мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастықтарының жүзеге асырыла бастағанын айтты.
Иранның Экономика және қаржы министрінің орынбасары Мұхаммад Хазаи Бейжіңде екі елдің экономикалық бірлескен комиссиясының 16-шы отырысының соңында: «Қытайдың даму банкімен ынтымақтастық меморандумына қол қою өте маңызды іс. Иран мен Қытай осы келісімшартқа қол қою арқылы өздерінің экономикалық қызметі үшін іс жүзіндегі бағдарламаны бастады.
Қол қойылған құжаттар бойынша ынтымақтастықтарға шектеу жоқ. Ирандағы жобалар қытайлық банк тарапынан 15 млрд евро көлеміне дейін қаржымен қамтамасыз етіледі. Кредиттер инфрақұрылымдық нысандар, тасымалдау, денсаулық сақтау, индустриалдық парктер, энергия және Иранның мұнайы сынды басты бағдарларға арналған. Қытайдың «CDB» банкі де Ирандағы жобаларды қаржымен қамтамасыз ету тақырыбын оң көзқараспен қарастырып, қаржы көзін ирандық банктерге тапсырады» деді.