ДАИШ бүкіл әлемге жаяу әскер аттандыруда
(last modified Thu, 18 Aug 2016 14:43:15 GMT )
Там 18, 2016 20:43 Asia/Almaty
  • ДАИШ бүкіл әлемге жаяу әскер аттандыруда

Қауіпсіздік органдары қолға түсірген тыңшылық құжаттары ДАИШ тобы қауіпсіздік тармағының бүкіл әлемге жаяу әскер аттандырып жатқанын көрсетеді.

Франция, Бельгия, Германия және Австрия елдерінің барлау ұйымдары әшкерелеген құжаттар ДАИШ тобының қауіпсіздік тармағының «Амни» деген арабша есіммен ішкі полиция күштері мен шетелдік амалдар тармағынан құралғанын көрсетеді. Германияда ұсталған ДАИШ-тың осы тармағының бір мүшесі Гери Сарфо ДАИШ- тың аталмыш бөлімшесінің әдетте жаңадан мұсылман болғандар мен өз дінін өзгерткендерді қолданатындықтарын айтты.