Иран мен Норвегия Сыртқы істер министрлері қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
(last modified Thu, 18 Aug 2016 15:11:34 GMT )
Там 18, 2016 21:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Норвегия Сыртқы істер министрлері қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады

Иран мен Норвегия Сыртқы істер министрлері қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді және екі елдің қаржы мен банк саласында экономикалық және сауда ынтымақтастықтарын күшейтуді қуаттады.

Норвегия Сыртқы істер министрі Борге Бренде сәрсенбі күні Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, қос жақты байланыстар, аймақтық және халықаралық ахуал туралы ой бөлісті.

Сондай- ақ Иран мен Норвегия Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Иранның экспортқа кепілдік беру қоры мен Норвегияның кредитке кепілдік беру агенттігі арасында экспорттық кредиттер негіздері бойынша үш ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Қол қойылған құжаттар бойынша Норвегия Иранға бір млрд евролық кредит ұсынады.

Иран ислам республикасының кеме қатынасы компаниясы мен Норвегияның «SKULD» клубы арасында түрлі теңіз қамсыздандырулары мен кадрларды үйрету және ирандық мамандардың білімі мен әлеуетін жоғарылату туралы қамсыздандыру ынтымақтастығы меморандумына да қол қойылды.