Геополитика - Орталық Азиядағы тынышсыздықтардың себебі
(last modified Sat, 20 Aug 2016 13:20:21 GMT )
Там 20, 2016 19:20 Asia/Almaty
  • Геополитика - Орталық Азиядағы тынышсыздықтардың себебі

Өткен апталардағы Ауғанстандағы тынышсыздықтар мен осы кездегі Таяу Шығыс аймағындағы қайшылықтардың күшеюі, әсіресе Сирия мен Ирактағы дағдарыстың жалғасуы Орталық Азия республикаларындағы қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтарды арттырды.

Бұрынғыға қарағанда анығырақ көрінген бұл республикалардағы кейбір наразылықтар Орталық Азияның әртүрлі елдері  мен Кавказ  және Кеңес Одағының басқа елдері азаматтарының Ирак пен Сириядағы ДАИШ сынды лаңкестік және такфіршіл топтарға қосылуы туралы хабарлардың жариялануымен бірге алаңдаушылықтарды көбейтті. Бұл жағдай аймақ мемлекеттері басшыларын ғана емес, сонымен қатар аймақтың мамандарының, саяси топтары мен үкіметтік органдарының мәселесіне айналды. Осыған орай ТМД зерттеу ұйымының  Орталық Азия  бөлімінің басшысы Андрей Грозин Орталық Азия азаматтарының  аймақтың дағдарыс орталықтарына аттануын Орталық Азия елдерінің   ең маңызды дағдарысы деп атады. Ол Орталық Азиядағы лаңкестік қоқан-лоққылардың  артуына тоқталып, Орталық Азиядағы жаңа тынышсыздықтарды бұл аймақтың әлемдік  дағадарыстың екі орталығы, яғни Ауғанстан мен араб елдерінің ортасында қалуына байланысты деп  санайды.  Грозин сонымен бірге Орталық Азия азаматтарының біразының лаңкестік және тәкфіршіл  топтардың қатарына кіру үдерісінің жалғасуына назар аудартып: «Егер бұл үдеріс жалғасатын болса, Каспий жағалауындағы елдерге әсерін тигізбей қоймайды»,- деді.

ТМД зерттеу ұйымының  Орталық Азия  бөлімінің басшысы көңіл бөлген келесі мәселе осы кездегі  Таяу Шығыс мемлекеттерінің қақтығыстары болды. Кейбір мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар ақпараттық соғысты аймақ үшін шынайы қатер деп санайды. Геополитикаға берілген анықтамада географиялық себептердің үкіметтердің саясаттарымен байланысты екендігі көрсетілген. Үкіметтер өз елінің саяси жағдайына қарай саясаттарын реттейтіндіктен геополитикалық зерттеулер маңызды саналады. Басқаша айтқанда, геополитика бір елдің географиялық және саяси тұрғыларын зерттеумен қатар  шындықты талқылап, келешектегі өзгерістерді болжай алады.

Осыған орай геополитиканы зерттеушілер географиялық себептердің саяси өмірге әсер ететінін қуаттайды. Өйткені геополитика  өзінің жаңа түсінігінде географиялық тұрғыны, ұлттық құдырет пен үкіметтің саясаттары арасындағы қарым-қатынастарды қарастырады. Сондықтан бұл мәселе осы кезде әсіресе Орталық Азия елдері басшылары мен бұл елдердің мамандары мен сарапшыларының  назарына түсіп отыр.  

 

 

Тегтер