Бакуде 4 адам Фетхуллаһ Гүленмен байланыста деген күдікпен құрықталды
Там 20, 2016 21:03 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары Түркияның «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленмен байланыста деген айыппен төрт күдіктінің құрықталғанын хабарлады.
Әзірбайжан республикасының қайраткерлері Түркия үкіметінің қарсыласы Фетхуллаһ Гүленмен байланыста деген күдікпен 4 адамның құрықталғанын растады. Осы мәлімет бойынша әлгі төрт адам бір коммуникациялық компанияның төрағалары болған. Әзірбайжан республикасы бас прокуратурасының қоғамдық қатынастар бөлімі мәлімдеме жариялап, төрт күдікті өз лауазымдарын асыра пайдаланып, абоненттердің жеке мәліметтері мен телефон сұхбаттарын бөтен адамдарға беріп жүрген деп мәлімдеді.
Тегтер