Иранның әуе кеңістігі лаңкестікпен күрес аясында қолданылады
(last modified Sun, 21 Aug 2016 08:22:11 GMT )
Там 21, 2016 14:22 Asia/Almaty
  • Иранның әуе кеңістігі лаңкестікпен күрес аясында қолданылады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Ресей ұшақтарының Иранның әуе кеңістігін қолдануының екі елдің лаңкестікпен күресу жолындағы әріптестігі аясында атқарылып жатқанын айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алауддин Бруджерди ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресей ұшақтарының Хамадан облысындағы Ноже әуе базасын қолданатынына тоқталып: «Бұл шара терроризм мен  ДАИШ лаңкестік тобымен күрес мақсатында төртжақты әріптестік (Иран, Ресей, Сирия мен Ирак) негізінде атқарылады»,-деп баса айтты.

Бруджерди: «Иран Конституциясының 146-бабы әскери базаларды бөгде елдердің қолдануына беруге тыйым салады, бірақ Ноже әуе базасы ұшақтардың отын құйып, өтуі үшін пайдаланылады. Бұл тақырып 146-бапқа қайшы келмейді»,-деді.

Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы шын мәнінде  Ресейдің Ирандағы әуе базаны Сирия мен Ирактағы лаңкестікпен күрес үшін  пайдаланатынына тоқталып: «Иран, Ресей, Сирия мен Ирактың төртжақты келісімі Иранның мүддесі мен қауіпсіздігіне негізделген»,-деді.