Сирия өзінің аумақтық тұтастығын қорғайтынын қуаттады
Сирия Президенті өз елінің терроризммен күресті жалғастыратынын айтып: «Сирия халқы өзінің аумақтық тұтастығын қорғайтындығына сенімді»,-деді.
Сирияның «Сана» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сенбі күні Дамаскта Үндістанның Сыртқы істер министр-кеңесшісі Мобашир Джавидпен кездесуінде: «Сирия халқы саяси-экономикалық және қауіпсіздік саласындағы барлық шектеулерге қарамастан, бұрынғыдай өз жері мен отанын қорғау қажет деп санайды.
«Батыс елдері мен кейбір аймақтық елдер әртүрлі тәсілдермен Сириядағы лаңкестерді қолдап, қазіргі дағдарыстан шығуға бағытталған кез-келген саяси шешім жолдарының алдын алды»,-деді.
Үндістанның Сыртқы істер министр-кеңесшісі де екі елдің әртүрлі салалардағы, соның ішінде лаңкестікпен күрес саласындағы қарым-қатынасын нығайту қажеттігін қуаттап: «Сирия армиясының лаңкестікпен күрестегі жеңістерін нығайту үшін бар күшімізді салуымыз керек»,-деді.