Америкадағы сайлауалды сауалнаманың қорытындылары жарияланды
(last modified Mon, 22 Aug 2016 15:37:35 GMT )
Там 22, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Америкадағы сайлауалды сауалнаманың қорытындылары жарияланды

Америкадағы жаңа сауалнама қорытындылары президенттік сайлаудағы демократиялық партия үміткерінің көш бастап келе жатқанын аңғартады.

Дүйсенбі күні жарияланған «Morning Consult» кеңсесі сауалнамасының қорытындылары Америкадағы президенттік сайлаудағы демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон мен республикалық партияның үміткері Дональд Трамп арасындағы тікелей бәсекелерде Клинтонның 44 пайыз дауыс жинаумен көш бастап келе жатқанын көрсетеді. Трамп та дауыс берушілердің 38 пайыздық қолдауына ие болып отыр.

Осы сауалнама қорытындылары бойынша Хиллари Клинтон 6 пайыздық басымдықпен өз бақталасынан алда келеді.

Америкадағы президенттік сайлау 2016 жылы 8- ші қазанда өтеді.

Америкадағы президенттік сайлаудағы қос үміткердің әрқайсысы жалпы 538 сайлаушылар коллегиясының 270-не қол жеткізсе, Американың 45- ші президенті ретінде ант қабылдайтын болады.