Шамхани Иран, Ресей мен Сирияның әріптестігін түсіндірді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Иран, Ресей мен Сирияның лаңкестерге қарсы амалдарды орындаудағы әріптестігі АҚШ-тың Сирияның қауіпсіздік теңгеріміне өз еркін таңуға бағытталған стратегиясын жеңіліске ұшыратты»,-деді.
Әли Шамхани АҚШ пен оның аймақтық одақтастарының «ұстамды наразылар» деген жалған атпен Сирия халқына қарсы сансыз қылмыстар жасаған лаңкестерді соққыдан алып қалу үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып: «АҚШ пен оның одақтастарының кешеуілдету амалдарын сәтсіздікке ұшырату мақсатында олардың талпыныстарына керісінше соңғы әскери амалдарда Сириядағы тәкфиршіл лаңкестерге құрлықтан және әуеден күшті соққылар берілді»,-деді.
Шамхани Батыс елдері мен Сауд Арабиясы ақпарат құралдарының Иран, Ресей мен Сирияның соңғы амалдардағы әріптестігі туралы ақпараттардың қалың легі өз одақтастарының Пальмира, Идлиб, Латакия мен Алеппо облыстарындағы ауыр жеңілісін хабарлауда психикалық соғыс жүргізу мақсатында жарияланды деп санайды.
Шамхани, сондай-ақ, Иран мен Ресейдің лаңкестік күрес саласындағы әріптестігі туралы кейбір нақты емес көзқарастарға тоқталып: «Ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету және стратегиялық әріптік жүргізу аясында қалыптасқан Иран мен Ресейдің жан-жақты қарым-қатынасы тек лаңкестікпен күрес саласымен шектелмей, кеңірек көлемді қамтиды»,-деп мәлімдеді.