Ресей ДАИШ- тің химиялық шабуылдарының қатері туралы ескерту жасады
Ресей ДАИШ лаңкестік тобының химиялық шабуылының қаупі туралы ескерту жасады.
БҰҰ- дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин ДАИШ лаңкестік тобы мен өзге лаңкестік топтардың соғыс амалдарында үсті-үстіне химиялық заттарды пайдаланып жатқанын қуаттап: «Химиялық лаңкестіктің қаупі шынайы болып, халықаралық сипат алып отыр. Онымен әлемдік шарт қалпында күресу керек.
Лаңкестердің химиялық қарулар жасау үшін тиісті технология мен нысандарға қол жетімділігі негізінде дәйекті мәліметтер бар.
Ресей химиялық және биологиялық лаңкестікпен күрестің халықаралық конвенциясын құрастыру және оған қол қою жөнінде өз ұсынысын жалғастырады. Қазіргі жағдайға байланысты оны күшіне енгізудің маңызы артып отыр» деді.
Ресей осы уақытқа дейін Сириядағы лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ- тің Сирия халқы мен әскерилеріне қарсы химиялық қаруларды қолданғаны туралы талай рет деректер ұсынған болатын. Алайда БҰҰ мен лаңкестерді демеуші Батыс- араб елдері тобының үнсіздігіне тап болып отыр.