АҚШ вице-президенті Түркияға келді
АҚШ вице-президенті Джо Байден сәрсенбі күні Анкараға келді.
АҚШ вице президенті Джо Байденнің Анкараға сапарында Анкара мен Вашингтон байланысының барлық қырына сараптама жасалады.
Осы мәлімет бойынша Байден Балтық өңірі елдеріне сапарынан кейін Латвиядан Анкараға келген.
Джо Байден осы сапарының мақсатын сәтсіз әскери төңкерістен кейін Түркия халқына ынтымақтастық білдіру деп мәлімдеді.
Бұл 15- ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкерістен және осы дағдарысқа қатысты Американың ұстанымы туралы Анкара- Вашингтон байланысында шынайы текетірес туып, «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленді Түркияға қайтармаудан кейін Американың жоғары мәртебелі бір қайраткерінің Түркияға жасаған алғашқы сапары болып табылады.