Украинада Тәжікстанның бір азаматы ДАИШ-пен ынтымақтастық жасады деген айыппен құрықталды
Там 24, 2016 21:14 Asia/Almaty
Украинаның Харьков облысының прократурасы Тәжікстанның 39 жастағы бір азаматының ДАИШ лаңкестік тобымен ынтымақтастық жасады деген айыппен құрықталғанын хабарлады.
Халықаралық полиция дереккөздері Тәжікстанның аталмыш азаматының 2013 жылы жұмыс істеу үшін Ресейге барғанын, бірақ 2016 жылдың бас кезінде ДАИШ лаңкестік тобының үгіттеуімен Түркия арқылы Сирияға сапар шегіп, лаңкестік топтарға қосылғанын хабарлады. Осындай жағдайда Украинаның ұлттық қауіпсіздік қызметі де осы елдің үш облысында, атап айтқанда Киев пен Днепр және Харьковта Сирияға аттануды күтіп отырған шетел азаматтары туралы хабарлады.
Тегтер