Экономикалық дипломатия – Зарифтің Латын Америкасына сапарының басты өзегі
Иран Сыртқы істер министрінің Латын Америкасындағы алты елге саяси-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мақсатымен жасаған сапары Мұхаммад Джавад Зарифтің Чилиге аттануымен жалғасын тапты.
Бұл сапар бірнеше қырлы мақсаттарға ие. Оның ең маңызды әрі айшықты қырларының бірі – экономикалық байланыстарды дамыту туралы келіссөздер мен кеңестер өткізу.
Зариф осы сапардың үшінші кезеңінде министрлер, сауда және экономикалық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен Иран-Никарагуа іскерлік форуымында сөйлеген сөзінде Иранның экономика саласындағы ірі делегациясының осы сапарға қатысуын Иранның Латын Америкасы елдерімен атқаратын істерін маңызды санайтынын көрсететінін айтты.
Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы осы сапарда жеке сектордың әртүрлі салаларындағы өкілдердің барлығына тоқталып: «Иранның құрылыс компаниялары үлкен жобаларға қатыса алады. энергетика саласында да өз әріптестерімен жұмыс істей алатын компаниялар бар. Ғылым мен технология саласында да іргелі ғылымға негізделген ирандық компаниялар әріптестік жасай алады»,-деді.
Бұл сапарда мұнай мен газ саласында да Иранның Мұнай компаниясының басшылары өз әріптестерімен жұмыс аясын талқылау үшін Зарифпен бірге келді. Келіссөздердің осы кезеңі Иранның Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынасын нығайту арқылы әріптестіктің жаңа бағытын ашуды көздейтінін көрсетеді.
Жуырдағы Африкаға сапармен барған Зарифтың енді Латын Америкасына сапары Иранның экономикалық байланыстарды сыртқы қарым-қатынастармен бірдей дамытуды көздейтінін көрсетеді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан бері өткен бір жылда Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және көршілес елдердің әртүрлі үлкен сауда-экономикалық делегациялары Иранға келді. Әлеуеттер мен өзара қызығушылықтарға сәйкес, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда келісімдер жасалды. Әрине, бұл келісімдердің барлығы орындалады деп айта алмаймыз. Бірақ мұның барлығы үлкен қозғалысқа жағдай жасап отыр. Соның нәтижесінде әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер жасалып, экономика дамитын болады. Сондықтан осы қадамдарды нығайту Иранның экономикалық байланыстарын дамытуда өте маңызды. Иран әріптестік пен инвестиция салу үшін зор әлеуеттерге ие.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні ел Президенті мен Министрлер кабинетінің мүшелерімен кездесуінде он бірінші үкіметтің талпыныстары мен атқарып жатқан істеріне алғыс айтып, қарсыласу экономикасы саясатын орындауда елдің ауыл шаруашалығы мен өнеркәсіп салаларындағы барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін баса айтумен қоса, экономиканы дамыту үшін дипломатиялық мүмкіндіктерді де пайдалану қажеттігін еске салып: «Азия, Африка мен Латын Америкасы Иранның сыртқы саясатында тиісті үлеске ие болуы керек»,-деді.
Иранның экономикалық дипломатиясы бүгінде тең даму жолына түскен. Бұл қозғалыста Еуроодақ санкцияларға дейінгі Иранның ірі сауда серіктестерінің бірі ретінде өз орнын қайта алуда. Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты ірі елдер де осы жолда қадам басты.
Иранның географиялық жағдайы мен күш-қабілеті, әсіресе қуат көздерімен қамтамасыз ету және оларды тасымалдаудағы мүмкіндігі, сондай-ақ, солтүстікті оңтүстікпен, батысты шығыспен байланыстыратын көпір ретіндегі рөлі экономикалық әріптестікке қолайлы жағдай тудырды. Иранның экономикалық дипломатиясындағы басты принцип өзімен жауластығы жоқ барлық елдермен тең дәрежеде байланыс орнату болып отыр.
тыр.