Зариф Джон Керридің сөзіне реакция білдірді
(last modified Sat, 27 Aug 2016 08:21:24 GMT )
Там 27, 2016 14:21 Asia/Almaty
  • Зариф Джон Керридің сөзіне реакция білдірді

Иранның Сыртқы істер министрі: «АҚШ үкіметінің Сирия мен Ирактағы өзінің бұрынғы айқын қателерінен ғибрат алып, шындық пен ақиқатқа көзін ашатын уақыт келді»,-деді.

Иранның Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Ираннан туындайтын қатерлер жайындағы сөздерін теріске шығарып: «АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Сауд үкіметінің өткен бір жарым жылда  Йеменде атысты тоқтату бітімін орнату үшін жасалған барлық талпыныстарды әрдайым сәтсіздікке ұшыратып отырғанын бәрінен жақсы білетіні анық»,-деп баса айтты.

Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранды Йеменге әскери құрал-жабдықтар жіберді деп айыптаған сөздеріне реакциясында АҚШ-тың негізсіз айыптауларын теріске шығарып: «АҚШ үкіметі осы сөздерімен өзін бала өлтіргіш  Сауд режимінің Йемендегі соғыс қылмыстары мен жазықсыз халқына қарсы істеріне ортақтастырды. Бұл үкімет осы жауапкершілікті қабылдап, барлық  антигуманитарлық қылмыстарға жауап беруі керек. Қазіргі таңда аймақ пен әлемге қоқан-лоққы жасап отырған нәрсе – әлемдегі тәкфирлік терроризмің қаржылай және саяси  көздері мен идеологиялық негіздері. АҚШ  Мемлекеттік хатшысы бұл идеяның туындау себептерінің бастауынан жақсы хабардар болуы керек. АҚШ үкіметі өзінің қолдаулары, көзжұмбайлығы және қалыптасқан жағдайға немқұрайлығымен аймақтағы саясаттарының біліксіздігін арттыра түсуде»,-деп қуаттады.