Путин мен Ердоған телефон арқылы Сирия туралы сұхбаттасты
Түркия мен Ресей Президенттері жұма күні түстен кейін телефон арқылы сұхбатта Сирияның Алеппо қаласындағы қарапайым адамдарға көмек жеткізуді тездету жайында келісті.
Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Түркия Президентінің кеңсесі жұма күнгі бір мәлімдемесінде: «Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоған мен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сұхбатында Алеппоның жағдайы жайында пікір алмасып, сол қаладағы қарапайым адамдарға гуманитарлық көмектер жеткізу үшін көбірек талпыныс жасауға келісті.
Ердоған Путинге Түркияның сәрсенбі күні таңертең Сирияда әскери амалдар бастағаны туралы айтты»,-деп хабарлады.
Түркия Президенті кеңсесінің мәлімдемесі бойынша, екі елдің Президенттері, сондай-ақ, барлық лаңкестік құрылымдарға қарсы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әріптестік жасаудың маңызды екенін қуаттады.
Ресей де осы телефон арқылы сұхбатты растады.
БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура бейсенбі күні Ресейдің Алепподағы қарапайым адамдарға гуманитарлық көмектер жіберу мақсатында 48 сағаттық атыс бітімін орнатуға келіскенін хабарлады.