Иранның сауда делегациясы Әзірбайжан республикасы мен Грузияға аттанды
(last modified Sat, 27 Aug 2016 17:20:54 GMT )
Там 27, 2016 23:20 Asia/Almaty
  • Иранның сауда делегациясы Әзірбайжан республикасы мен Грузияға аттанды

Солтүстік Хорасан облысының сауда-саттық  делегациясы ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде сенбі күні Әзірбайжан республикасы мен Грузия елдеріне  аттанды.

Солтүстік Хорасан облысының сауда- саттық, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының төрағасы Мұхаммад Самади: "Солтүстік Хорасанның 22 кісілік делегациясы Әзірбайжан республикасы мен Грузия елдеріне  сапарында өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, туризм және тамақ өнімдері бөлімдерінің кәсіпкерлерінен құралады" деді.

Самади осы делегацияны аттандырудың мақсатын Әзірбайжан республикасы мен Грузияға мұнайдан тыс тауарлар экспортын дамыту және сауда- саттық алмасулар мақсатында нарықты және мүмкіндіктерді зерттеу деп атап: "Баку мен Тбилисидің сауда палаталарының мүшелері және Әзірбайжан республикасы мен Грузияның Ауыл шаруашылығы министрлігінің қайраткерлері және кәсіпкерлермен кездесу, сонымен қатар индустриалдық бөлімшелерді аралау ирандық делегацияның осы екі елдегі бағдарламаларының қатарына кіреді" деді.