Рухани: Иран мен Пәкістанның ынтымақтастығын жоғарылату үшін негіз бар
(last modified Sun, 28 Aug 2016 14:19:30 GMT )
Там 28, 2016 20:19 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Пәкістанның ынтымақтастығын жоғарылату үшін негіз бар

ИИР президенті Иран мен Пәкістан үкіметі мен халқының жақсы және жақын байланыстарының екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарын жоғарылату үшін алғышарт әзірлегенін мәлімдеді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Пәкістанның жаңа елшісі Асеф Әлихан Доранидің сенімхатын қабылдап алған кезде екі елді бір- бірінің стратегиялық тереңдігі деп сипаттап, келісімшарттарды тезірек орындауды және Иран мен Пәкістан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтарды тереңдетуді қуаттады.

ИИР президенті исламдық, ахлақтық және адами ережелерді бұзып отырған лаңкестік топтардың белсенділігіне сілтеме жасап, шекаралар мен аймақта қауіпсіздік орнату үшін ортақ ынтымақтастықтардың маңыздылығын баса айтты.

Пәкістанның Ирандағы жаңа елшісі Асеф Әлихан Дорани да дос және бауырлас екі елдің стратегиялық ынтымақтастықтарының қиын- қыстау кезеңдерде анық көрінгенін қуаттап, Иран мен Пәкістанның сауда және экономикалық байланыстарының саяси байланыстың жоғары деңгейі сияқты жоғарылауы керектігін айтты.