Санкциядан кейінгі кезең - Теһран- Каннбераның ынтымақтастықтарын кеңейту үшін жаңа мұрсат
(last modified Sun, 28 Aug 2016 14:48:53 GMT )
Там 28, 2016 20:48 Asia/Almaty
  • Санкциядан кейінгі кезең - Теһран- Каннбераның ынтымақтастықтарын кеңейту үшін жаңа мұрсат

ИИР президенті санкциядан кейінгі кезең мен исламдық Иранға қарсы зұлым санкциялардың күшінің жойылуын Теһран- Каннбера ынтымақтастықтарын кеңейтіп, тереңдету үшін жаңа мұрсат деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани  жексенбі күні Теһранда Австралияның жаңа елшісі Ian Biggs David Grange мырзаның сенімхатын қабылдуы кезінде: «Екі ел достық саяси байланысқа ие бола тұра қазірге дейін экономика саласындағы ортақ мүмкіндіктері мен әлеуеттерін жақсы пайдалана алған жоқ» деді.

ИИР президенті сондай- ақ аймақ пен әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты лаңкестікпен күресу қажеттілігін қуаттап: «Лаңкестік – әлемдік түйткіл. Осы түйткілмен күресіп, оның тамырына балта шабу ұжымдық және халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді» деді.

Теһрандағы Австралияның жаңа елшісі Ian Biggs David Grange де Иран ислам республикасы мен Австралия арасындағы үздіксіз дипломатиялық байланыстың басталуының 50- ші жылдығының жақындауына сілтеме жасап, санкциялардың күшінің жойылуын екі елдің сауда және экономикалық байланысын бұрынғыдан көбірек кеңейту үшін қолайлы мұрсат деп атады.