Өзбекстан президентінің миына қан құйылып, ауруханаға жатқызылды
Там 30, 2016 07:08 Asia/Almaty
Өзбекстан президенті миына қан құйылуына байланысты ауруханаға жатқызылды.
Ислам Кәримовтың отбасы оның миына қан құйылғанын хабарлады. Өзбекстан үкіметі жексенбі күні осы ел президентінің төсек тартып қалғанын мәлімдеген болатын. Өзбекстанның «UNESCO» ұйымындағы елшісі болып табылатын осы ел президентінің кенже қызы Лола Кәримова өзінің «Instagram» парақшасында әкесінің жағдайын бірқалыпты деп жазды.
Ислам Кәримов 1991 жылдан бері Өзбекстан президенті болып табылады.
Тегтер