Иран мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері кездесті
(last modified Tue, 30 Aug 2016 08:26:48 GMT )
Там 30, 2016 14:26 Asia/Almaty
  • Иран мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері кездесті

ИИР-ның Сыртқы істер министрі аймақтағы барлық тәкфирлік және экстремистік топтарпен күресу қажеттігін баса айтты.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранда Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Салахеддин Раббанимен кездесуінде аймақта терроризм мен экстремизм атты сұм құбылыстың таралғанына тоқталып, лаңкестікпен күресу қажеттігін қуаттап: «Теһран лаңкестікті жақсы-жаман деп бөлмейді. Барлық экстремистік және тәкфирлік топтармен күресу қажет»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф осы кездесуде өзінің ауған әріптесін қошеметтеп: «Ауғанстан ИИР үшін ерекше маңызды. Ауғанстанның барлық қайраткерлерімен кездесуінде сан рет жарияланғандай,  Ауғанстанның дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі – Иранның дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»,-деп баса айтты.

Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Салахеддин Раббани да ирандық тараптың қонақжайлылығына алғыс айтып, Ауғанстан қайраткерлерінің Иранға жасаған көптеген сапарларына тоқталып: «Бұл кездесулер ИИР-ның Ауғанстан үкіметі мен халқын қаншалықты маңызды санайтынын көрсетеді»,-деді.

Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Ислам революциясының жетекшісіне Иранда ауған балаларының оқуына рұқсат бергені үшін алғыс айтты.