Иранда азиялық елдердің туризм министрлерінің отырысы аяқталды
(last modified Wed, 31 Aug 2016 08:14:26 GMT )
Там 31, 2016 14:14 Asia/Almaty
  • Иранда азиялық елдердің туризм министрлерінің отырысы аяқталды

Азия Ынтымақтастығы сұхбаттасу ассамблеясының туризм министрлерінің бірінші отырысы Азия елдеріндегі туризмді алға ілгерілету және өзара ынтымақтастықты арттыруды қуаттап аяқталды.

Азия Ынтымақтастығы сұхбаттасу ассамблеясының Туризм министрлерінің бірінші отырысы сейсенбі күні «Табриз мәлімдемесі» деп аталған мәлімдеме жариялап, Азиядағы туризмді дамыту мен ынтымақтастықты арттыру, туризм өнеркәсібінің халықтың тұрмысын жақсарту, аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне және мүше елдердің экономикалық-әлеуметтік жағдайының дамуына әсер етудегі маңыздылығын қуаттады.

Отырысқа қатысушылар Азия Ынтымақтастығы сұхбаттасу ассамблеясының көптеген, әсіресе мәдениет, табиғат, діни туризм мен әлемдік туризмдегі аймақтық үлесін арттыру потенциалына тоқталып, Азияда толық танымал емес және жаңа туристік мекендерді анықтауға мүдделік танытты.

Азия Ынтымақтастығы сұхбаттасу ассамблеясының туризм министрлерінің екінші отырысы Камбоджа бен Бангладеште өтеді.

 

 

Тегтер