БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылу туралы зерттеулерді теріске шығарды
(last modified Wed, 31 Aug 2016 08:24:08 GMT )
Там 31, 2016 14:24 Asia/Almaty
  • БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылу туралы зерттеулерді теріске шығарды

БҰҰ-дағы Ресей мен Сирия өкілдері бұл ұйымның Сирия үкіметінің химиялық қару қолдануы туралы зерттеулерінің нәтижелерін теріске шығарды.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Виталий Чуркин: «БҰҰ-ның Сирия үкіметінің химиялық қару пайдалануы туралы зерттеулеріне қатысты нақты сұрақтары. Ресей бұл зерттеулердің нәтижелерін қабылдамайды. Мәлімдеменің барлық нәтижелері қабылданбастан бұрын анықтауды қажет ететін сауалдар бар»,- деді.

БҰҰ-дағы Сирия өкілі  Башар әл-Джафари де: «БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салатын ұйымның ортақ зерттеу тобының басшысы Вирджиния Гамбоның куәгерлердің сөздері бойынша, «Сирияда  хлор газы пайдаланылды» деген сөздері өтірік,»,- деді.

БҰҰ-ның Сирия туралы зерттеулерінде бұл елдің үкіметі және ДАИШ лаңкестері химиялық қару қолданды деген қорытынды жасалған болатын.