Там 31, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Теһран-Мәскеу арасындағы сауда айналымының көлемі 70 пайызға артты

Мәскеудегі Иран елшісі биылғы жылдың алғашқы алты айында Иран мен Ресей арасындағы сауда айналымының 70 пайызға артқанын хабарлады.

Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи соңғы жылдардағы екі елдің даму үстіндегі қарым-қатынастары үдерісіне жасалған шолудың әртүрлі салалардағы екіжақты байланыстардың кеңеюінің көрсеткіші екендігін мәлімдеді.  

Ресейдегі Иран елшісі екі елдің тарихи байланыстарына сілтеме жасап: «Иран мен Ресей байланыстары 500 жылдық тарихқа ие. Бұл кейбір кездерде шарықтаулар мен құлдырауларға да ие болғанына қарамастан екі ел байланыстарының тамырының терең екендігін көрсетеді» деді.  

Санаи Иран мен Ресей арасындағы әртүрлі салалардағы, әсіресе қазір жүзеге асырылып жатқан сауда-экономика салаларындағы қол қойылған көптеген құжаттар бір жағынан, байланыстарды кеңейту үшін назарға алынған үкіметтік жеңілдіктердің, соның ішінде Ресейдің құны 5 миллиард несие линиясының екінші жағынан байланыстарды дамыту үшін екі елдің жоғары басшыларының шынайылықтарын дәлелдейтінін қуаттады. 

 

Тегтер