Әл-Джафари: Америка Сириядағы соғысты созуды көздейді
(last modified Thu, 01 Sep 2016 16:22:33 GMT )
Қыр 01, 2016 22:22 Asia/Almaty
  • Әл-Джафари: Америка Сириядағы соғысты созуды көздейді

БҰҰ-ғы Сирияның өкілі Американың Сириядағы соғысты соза түсуді көздейтінін айтты.

БҰҰ-ғы Сирия өкілі Башар әл-Джафари Ливанның almayadeen телеарнасына берген сұхбатта Американың Сириядағы соғысты соза түсуді мақсат ететіндігін тілге тиек етіп, осы ұйымның Сириямен қатынастағы біржақты саясаттарына сынап, Сирияда химиялық қару қолданылу мәселесін Батыс елдерінің ойдан шығарғаны деп атап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда химиялық қару қолдану мәселесін қарастыру мақсатында отырыс өткізу үшін жеткілікті айғақтардың жоқ екендігін мәлімдеп, бұл тақырып туралы дайындалған есептердің мақсатты, айыптаулардың негізсіздігін қуаттады.    

БҰҰ-ғы Сирия өкілі Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қарсы жазалау қолдану үшін талпыныс жасауы туралы да: «Қауіпсіздік кеңесі тек Британия мен Франция және Америкадан ғана құралған жоқ. Бұл кеңестің 15 мүшесі бар. Сондықтан басқалардың Сирия үкіметі туралы өтіріктерін шынайы түрде қарастырады» деді. Башар әл-Джафари сонымен қатар Түркия әскері тарапынан Сирияның әуе және құрлық кеңістігінің бұзылуын айыптап, Қауіпсіздік кеңесінен осы заңбұзушылықты қарастырып, өзінің міндетін орындау сұралғанын қуаттады.