G20 – әлемнің экономикалық қиындықтарын шешудегі ең маңызды механизм
Қыр 03, 2016 14:39 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті G20 әлемнің экономикалық тобын әлемнің экономикалық қиындықтарын шешудің ең маңызды механизмі деп атады.
Синьхуа ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазіргі жағдайда G20 тобы халықаралық экономикалық қиындықтарды шешудегі ең маңызды механизм және мүше елдердің макроэкономикалық саясаттарын үйлестіруші әрі әлемнің қаржы құрылымын түзетуші саналады. G20 әлем экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тағы да өзінің күш-қабілетін көрсетуі керек»,-деп баса айтты. Осы мәлімет бойынша, G20 тобының отырысы ағымдағы жылдың қыркүйек айының 4-5 күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.
Тегтер