Иран әлемдік мұнай нарығында тепе-теңдік орнату үшін шарт қойды
https://itolqyn.com/news/world-i13957
Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Иранның санкцияларға дейінгі үлес деңгейіне қайтып оралу шартымен ғана мұнай нарығында тепе-теңдік орнатуда әріптестік жасайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 04, 2016 14:41 Asia/Almaty
  • Иран әлемдік мұнай нарығында тепе-теңдік орнату үшін шарт қойды

Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Иранның санкцияларға дейінгі үлес деңгейіне қайтып оралу шартымен ғана мұнай нарығында тепе-теңдік орнатуда әріптестік жасайтынын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Амирхосейн Заманиниа сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «ОПЕК-тегі үлес бөлу жүйесі кейбір мүше елдердің өндірісті қисынсыз арттыруы салдарынан жойылды. Үлес бөлу жүйесі үшін шешім жолын табу қажет»,-деді.

Заманиниа, сондай-ақ, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане мен Алжир Энергетика министрі Нуреддин Буртарафенің Теһранда өткен келіссөздерінің тақырыбы туралы: «Халықаралық қуат ұйымының (IEF) отырысы аясында өткен ОПЕК-ке мүше емес елдердің бейресми отырысы мен мұнай бағасы туралы пікір алмасу келіссөздердің басты тақырыптарының бірі болды»,-деді.

ОПЕК-ке мүше елдердің Мұнай министрлері 26-28 қыркүйекте Алжирде өтетін Халықаралық қуат ұйымының саммиты аясында кездесу өткізетін болып жоспарланды.