Иран әлемдік мұнай нарығында тепе-теңдік орнату үшін шарт қойды
Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Иранның санкцияларға дейінгі үлес деңгейіне қайтып оралу шартымен ғана мұнай нарығында тепе-теңдік орнатуда әріптестік жасайтынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Амирхосейн Заманиниа сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «ОПЕК-тегі үлес бөлу жүйесі кейбір мүше елдердің өндірісті қисынсыз арттыруы салдарынан жойылды. Үлес бөлу жүйесі үшін шешім жолын табу қажет»,-деді.
Заманиниа, сондай-ақ, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане мен Алжир Энергетика министрі Нуреддин Буртарафенің Теһранда өткен келіссөздерінің тақырыбы туралы: «Халықаралық қуат ұйымының (IEF) отырысы аясында өткен ОПЕК-ке мүше емес елдердің бейресми отырысы мен мұнай бағасы туралы пікір алмасу келіссөздердің басты тақырыптарының бірі болды»,-деді.
ОПЕК-ке мүше елдердің Мұнай министрлері 26-28 қыркүйекте Алжирде өтетін Халықаралық қуат ұйымының саммиты аясында кездесу өткізетін болып жоспарланды.