Бруджерди: Лаңкестікпен күрес бүкіл әлемнің ерік-жігерін талап етеді
(last modified Sun, 04 Sep 2016 09:02:38 GMT )
Қыр 04, 2016 15:02 Asia/Almaty
  • Бруджерди: Лаңкестікпен күрес бүкіл әлемнің ерік-жігерін талап етеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы лаңкестікпен күрестің бүкіл әлемнің ерік-жігері мен ұжымдық әріптестікті талап ететінін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы сенбі күні Теһранда Жапония Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «АҚШ пен оның одақтастары лаңкестік топтарға қаржы және қару-жарақ бойынша қолдау көрсетіп, оларды нығайту арқылы үлкен қателік жасады. Енді оны ауыздықтау әлемнің барлық елдерінің ұжымдық және халықаралық әріптестіктерін талап етеді. Иран лаңкестікпен күреске өте байсалды қарайды. Жапониямен барлау саласында әріптестік жасау өзара ынтымақтастық салаларының бірі бола алады»,-деп қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілі, сонымен қатар, Сауд Арабиясының Йеменге шабуылын айыптап: «Саудиялықтардың Йеменге шабуылы салдарынан мыңдаған бала мен қарапайым адамның өлуі мен жаралануы кез-кезген қисын бойынша айыпталады»,-деді.

Жапонияның Сыртқы істер министрі де Иранға сапарының мақсатын екі елдің әртүрлі салалар бойынша әріптестігін жүзеге асыру үшін кеңесу деп атап: «Ғылыми, ядролық, медициналық және қоршаған орта Токионың Иранмен әріптестікті кеңейтуге қызығатын салалардың қатарын құрайды»,-деді.