Иран адам құқығы туралы жаңа баяндамашының тағайындалуына наразылық білдірді
Иран Сот органының адам құқығы штабының хатшысы БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығы туралы жаңа баяндамашысының тағайындалуын негізсіз деп қабылдамады.
ISNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлары бойынша, Иран Сот органының адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани: «БҰҰ-ның адам құқығы туралы арнайы баяндамашасын тағайындау екіұшты стандарттар мен Адам құқығы кеңесі аясында кейбір елдердің таңдамалы қатынасынан туындаған»,-деді.
Осы мәлімет бойынша, БҰҰ-ның Ирандағы арнайы баяндамашысы Ахмад Шахид бір жыл ертерек өз қызметінен босатылып, 2016 жылдың қараша айында өз міндетін Асма Джаһангирге тапсырады.
Иран бұрынырақ БҰҰ-ның Ирандағы арнайы баяндамашысының мезгілінен бұрын ауыстырылуын ИИР-ға арнайы баяндамашы тағайындаудың тиімсіздігі мен сәтсіздігін ашық түрде көрсетеді деп мәлімдеген болатын.
2011 жылы 11 маусымда БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі тарапынан Ирандағы адам құқығы туралы арнайы баяндамашы ретінде таңдалған Мальдивы дипломаты Ахмад Шахид Иранға қарсы есептер жариялаған болатын.