Туризмді дамыту үшін Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың картасы дайындалады
https://itolqyn.com/news/world-i13987
Иранның Мәдени мұра, туризм мен қолөнер кәсібі ұйымы басшысының туризм бойынша орынбасары Қазвин әкімшілігінің Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың интеграциялануы мен туризмнің қарқындауына айрықша ықпал еткенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 04, 2016 20:07 Asia/Almaty
  • Туризмді дамыту үшін Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың картасы дайындалады

Иранның Мәдени мұра, туризм мен қолөнер кәсібі ұйымы басшысының туризм бойынша орынбасары Қазвин әкімшілігінің Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың интеграциялануы мен туризмнің қарқындауына айрықша ықпал еткенін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Иранның Мәдени мұра, туризм мен қолөнер кәсібі ұйымы басшысының туризм бойынша орынбасары Мұртаза Рахмани Мувахед жексенбі күні Қазвин қаласында Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың әкімдерінің он бірінші отырысында: «Әкімдер Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға рух беріп, екі мың жылдық тарихты қайта тірілтіп, адамдарды байланыстыра алады»,-деп мәлімдеді.

Рахмани Мувахед туристердің жеңіл саяхаттауына жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымдардың салынатынын айтып: «Осындай қарқынмен Ұлы Жібек жолы жобасы тезірек орындалады деп күтілуде»,-деді.  

Рахмани Мувахед Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар әкімдері   басқосуының бұл жолдың маңыздылығын білдіретінін айтып: «Ұлттық мұра ұйымы Ұлы Жібек жолын жандандыру тақырыбының әртүрлі салалардағы маңыздылығын, әсіресе тұрақты туризм, сауда айналымын сақтау және қоршаған орта бойынша интеграцияланудың қажеттігін ескере отырып, маңызды шаралар бастады»,-деді.