Иран мен БҰҰ аймақта адами апатты тоқтату үшін серіктестік жасайтын болды
(last modified Mon, 05 Sep 2016 14:20:31 GMT )
Қыр 05, 2016 20:20 Asia/Almaty
  • Иран мен БҰҰ аймақта адами апатты тоқтату үшін серіктестік жасайтын болды

Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Азияның батыс аймағында адами апатты тоқтату үшін Иранның БҰҰ-мен серіктестіктерді кеңейтетінін хабарлады.

Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Садеқ Хосейн Джабер Ансари Теһранда БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық істер бойынша орынбасары Стефан О'Брайенмен кездесуде Иран мен БҰҰ-ның аймақта адами апаттардың қырларын бақылау үшін серіктестік жасауға келіскендерін айтып, Йемендегі геноцид пен адами апатқа тоқталып: «Геноцид Йеменнің тұрғын аймақтарын Арабстанның үздіксіз бомбалауы арқылы жасалуда» деді.  

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сонымен қатар аймақтың басқа елдеріндегі, әсіресе Ирак пен Сириядағы адами апаттарды тілге тиек етіп, осы сала бойынша да апатты ауыздықтау үшін жақсы келіссөздердің өткізілгенін хабарлады.