Франция «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруда оң рөл атқара алады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының орынбасары: «Франция «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жақсырақ орындалуында оң рөл атқара алады»,-деді.
Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының орынбасары Әли Моттахари дүйсенбі күні кешке Франция Парламентінің төрағасы Клод Бартелонмен кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Францияның көбірек ынтымақтастық жасау қажеттігін айтып: «Екі ел санкциялар жойылғаннан кейін қалыптасқан мүмкіндікті тиімді пайдалануы тиіс»,-деп қуаттады.
Моттахари, сондай-ақ, Иран мен Франция екеуінің де терроризмнің құрбаны екенін айтып: «Екі ел терроризм құбылысымен күресу үшін әріптестік жасай алады»,-деді.
Франция Парламентінің төрағасы Клод Бартелон Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуді Теһран сапарының ең маңызды бағдарламаларының бірі деп атап, Иран Президенті мен Сыртқы істер министрінің жуырдағы Францияға сапарының екі елдің ынтымақтастығының, әсіресе парламентаралық байланыстарының кеңеюіне септігін тигізетіндігіне үміт білдірді.
Франция Ұлттық Парламентінің төрағасы ИИР қайраткерлерімен сұхбаттасу үшін дүйсенбі күні кешке Теһранға келді.