Путин Сирияда халықаралық заңдарға сәйкес амалдардың атқарылуын қуаттады
(last modified Tue, 06 Sep 2016 15:56:43 GMT )
Қыр 06, 2016 21:56 Asia/Almaty
  • Путин Сирияда халықаралық заңдарға сәйкес амалдардың атқарылуын қуаттады

Ресей Президенті Мәскеудің Сирияда халықаралық заңдарға қайшы келетін ешбір шараны қолдамайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің «Россия Сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Қытайдың Ханджоу қаласынан хабарлауы бойынша, Владимир Путин  дүйсенбі күні  Қытайда G20 тобы саммитының соңында өткен баспасөз конференциясында АҚШ Президенті Барак Обамамен кездескеніне және Сирия жайлы сөйлескеніне тоқталып: «Мәскеу мен Вашингтонның жақын болашақта Сирия дағдарысына қатысты келісімге келетіндігіне үміттенемін. Сирияға қатысты келісімнің көрсеткіштері туралы сөз айтуға әлі ерте. Бірақ оған қатысты үміт зор. Бірақ жақын болашақта келісім жасалса да, екі елдің лаңкестік топтармен күрес саласындағы әріптестігі шектеулі болмақ»,-деді.

Путин Түркияның өткен аптада Сирияның солтүстігіне әскер кіргізіп, осы елдің бірнеше ауданын бомбалауына тоқталып: «Бұл амалдар Мәскеу үшін тосын жағдай болды. Кейбір мәселелердің болуына қарамастан, екі ел арасында Сирияда текетіресті жою және басқа да мәселелердің шешім жолын табуға қатысты ұстанымдардың белгілі бір жақындығы байқалады»,-деп мәлімдеді.