Иран мұнай нарығының қайта тұрақтануын қолдайды
(last modified Tue, 06 Sep 2016 16:20:18 GMT )
Қыр 06, 2016 22:20 Asia/Almaty
  • Иран мұнай нарығының қайта тұрақтануын қолдайды

Иранның Мұнай министрі ИИР-ның мұнай өндіруші елдердің мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған шешімін қолдайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сейсенбі күні Теһранда Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-тің Бас хатшысы Мұхаммед Баркиндомен әлемдік нарықтардағы мұнайдың тиімді бағасы туралы айтқан сөзінде ОПЕК-ке мүше елдерді қызықтыратын бағаның барреліне 50-60 доллар екендігін айтты. 

Намдар Зангане 55 долларлық мұнайды қолайлы деп бағалап: «Бұл баға ОПЕК-ке мүше елдер үшін мұнай өндірісінен түсетін табысты арттырумен қоса, экономикалық тұрғыдан пайдалы болуына себеп болады»,-деді.   

Иранның Мұнай министрі, сондай-ақ, ОПЕК-тің Бас хатшысы Мұхаммед Баркиндоның Иранға алғаш рет сапармен келгенін айтып, мұнай нарығы туралы келіссөздерді сындарлы деп сипаттап: «ИИР ОПЕК-тің жаңа Бас хатшысын жаңа лауазымда қолдайды»,-деді.

ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің бейресми отырысы 26-28 қыркүйекте  Алжирде Халықаралық энергетика ассамблеясы (IEF) аясында өтеді.