Лаңкестік пен аймақ дағдарысы – Иран мен Францияның ортақ тақырыбы
Иранның Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран мен Францияның аймақ дағдарыстары мен лаңкестік мәселесі бойынша ортақ көзқарасқа ие екендігін айтты.
Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, Иранның Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Францияның Ұлттық жиналысының басшысы Клод Бартолонмен кездесуінде екі елдің парламенттік байланыстарының жақсы тарихқа ие екендігін айтып, Клод Бартолонның Теһранға жасаған сапарын екі елдің парламенттік байланыстарындағы маңызды кезең деп атады.
Лариджани сөзінің жалғасында Францияның Ұлттық жиналысы басшысымен кездесуде екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен кейбір кедергілерді жою туралы сөйлескендерін, сонымен қатар аймақ мәселелеріне, соның ішінде Ирак пен Сирия, Ливан және тағы да кейбір елдердің мәселелеріне қатысты шешім жолдарын талқылағандарын айтты.
Францияның Ұлттық жиналысының басшысы Клод Бартолон де Иран мен Франция басшылары арасындағы кездесулер мен кеңесулердің байланыстарды арттырып, Вена келісімін толығымен жүзеге асыруға, сонымен қатар банктік кедергілердің жойылуына, франциялық компаниялардың Иранда құзыр тебуіне көмектесіп, нәтижесінде екі елдің экономикалық байланыстарының кеңеюіне ұластыратындығын айтып, Францияның Иранмен парламенттік байланыстарды кеңейтуді көбірек қуаттайтынын мәлімдеді.