ОПЕК-тің Бас хатшысы Иран Президентімен кездесті
(last modified Wed, 07 Sep 2016 10:01:41 GMT )
Қыр 07, 2016 16:01 Asia/Almaty
  • ОПЕК-тің Бас хатшысы Иран Президентімен кездесті

ИИР Президенті: «Иран мұнай нарығын тұрақандыру және мұнай бағасын жақсарту саласындағы мұнай экспорттайтын елдер ұйымы ОПЕК-тің әділет пен теңдікке сүйенген кез келген шешімін қолдайды»,- деді.

ИРНА-ның мәліметінше, Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда ОПЕК-тің Бас хатшысы Мұхаммад Боркиндомен кездесуінде: «Мұнай нарығы мен бағасына қатысты әділсіздіктен мұнай экспорттайтын, тіпті мұнай тұтынушы елдер де зиян көреді. Тұрақсыздық пен мұнай бағасының төмендеуі аталмыш ұйымға мүше елдер үшін ғана зиян емес, сонымен қатар әлемдегі қоршаған ортаны қорғау мақсатына да сай келмейді. ОПЕК мүшелерінің ынтымақтастығы және бір-бірімен ақылдасуы арқылы мұнайдың бағасы әділ әрі тұрақты жағдайына  оралады»,- деген үміт білдірді.

 Мұхаммад Боркиндо да Иранның ОПЕК-тің тәуелсіздігі мен алға ілгерілеуін қолдауына алғыс айтып, мұнай өндіріп, оны экспорттайтын барлық елдердің ынтымақтастығының қажеттілігін қуаттады.