Бартолон: Әлем Иранның халықаралық сахнаға қайтып оралуын қажет етеді
Францияның Ұлттық жиналысының басшысы: «Әлем Иранның халықаралық сахнаға қайтып оралуын қажет етеді»,-деді.
Францияның Ұлттық жиналысының басшысы Клод Бартолон Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаятимен кездесуінде: «Вена ядролық келісімінің барлық баптары орындалуы тиіс. Иранмен ядролық келісім жасаған тараптар халықаралық қауымдастықты аталмыш келісімнің орындалуына толық құрмет көрсететіндігіне сендіруі керек»,-деді.
Бартолон Иран мен Францияның саясаттарын бағыттас деп атап: «Сол себепті Париж басшылары үшін Теһранға сапармен бару маңызды. ИИР қайраткерлерімен келіссөздер де осы аяда жүзеге асырылады»,-деді.
Дүйсенбі күні кешке Иранға сапармен келген Францияның Ұлттық жиналысының басшысы сейсенбі күні Иран Президенті Хасан Рухани, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани және Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, сұхбаттасты.