Тәжікстанда шетелдік мұнай компанияларының қайшылықтары артты
Канаданың «Теңіз Петролиум» мұнай компаниясы бір халықаралық сотта қытайлық және франциялық екі мұнай компаниясына қарсы Тәжікстандағы бір мұнай кен орнына қатысты іс қозғады.
Канаданың «Теңіз Петролиум» мұнай компаниясы: «Қытайдың CNPC мұнай компаниясы мен Францияның «Total» мұнай компаниясы ортақ бітім келісіміне жасалған қаржылай шығынды өтеу үшін 10 млн 100 мың доллар төлеуі тиіс»,-деген уәж айтуда.
Осы үш мұнай компаниясы арасындағы үшжақты келісімнің тақырыбы Тәжікстанның оңтүстігіндегі Бохтар кен орнынан мұнай өндіру болып отыр.
Қытай және Франция компаниялары да өздерінің «Теңіз Петролиум» канадалық мұнай компаниясының үстінен шағым түсірулерінің себебін бұл компанияның Бохтар кен орнында ортақ мұнай өндіруде өз міндеттемелерін орындамауы деп жариялап отыр.
Тәжікстан үкіметі 2008 жылы Бохтар кен орнында барлау жұмыстарын жүргізіп, мұнай өндіру құқығын 25 жылға Канаданың «Теңіз Петролиум» мұнай компаниясына берген болатын. Бұл компания 2012 жылы Бохтар кен орнында мұнай мен газдың үлкен қоры анықталғанын хабарлап, Қытай және Франция компанияларының осы жобаға қатысуына себеп болды.