Йемен халқы Ұлыбританияда өндірілген қарумен қырылуда
Саудиялық долларлар мен адам құқығы сынды құралды пайдалану Йеменнің жазықсыз халқы өмірінің құнын түсірді.
Өткен 17 айда шамамен 10 мың жазықсыз йемендік азамат әлемдік қауымдастық, әсіресе БҰҰ мен адам құқығы туралы уәж айтушылардың көзі алдында саудиялық коалиция соғысының құрбаны болды. Йемен 2015-ші жылдың наурыз айының 26-нан бері адамзатқа қарсы қылмыстың куәсі болуда.
Саудиялық долларлардың еуропалық елдерге құйылуы мен қару шығаратын зауыттардың моторының алға ілгеруілеуі бала өлтіретін Сауд режимінің адам құқығы мәселесіне қатысты ұстанымын анықтайды. Риядтың көзқарасынша Еурапоның саудиялық доллардан пайда көруі Сауд Арабиясын адам құқығын бұзды деп айыптауға рұқсат бермейді.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон бұл елдің парламентінің өкілдерімен Сауд Арабиясына қару сату туралы сөйлесуі еуропалықтардың саяси-экономикалық жүйелерінің Сауд режимімен қарым-қатынас орнатуында адам құқығының құрбан болуының айқын факторы.
Мемлекеті АҚШ-пен бірге 2003-ші жылы Иракқа қарсы шабуыл жасаған және 2001-ші жылы АҚШ-пен бірігіп, Ауғанстанды жаулап алған Ұлыбритания Сыртқы істер министрі балаларды өлтіріп жатқан Сауд режимін қолдап: «Йемендегі әскери емес халықты сегіз рет бомбалау туралы айыптауларға қатысты Риядтың мәліметтері Ұлыбритания Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтатындай заңды бұзбағанын көрсетеді»,- деді.
Джонсонның Ұлыбританияның Сауд Арабиясына қару сатуын қорғауы Ұлыбритания Парламентіндегі қару экспортын бақылайтын комитеттің бүгін, сәрсенбі күні Сауд Арабиясына қару сатуға тыйым салу мәселені қарастыратын жағдайда орын алды.
Бұдан бұрын Еуропа Парламенті Йеменде адам құқығының бұзылуына қатысты Сауд Арабиясына қару сатуға санкция салған болатын. Ұлыбритания Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылы басталғаннан бастап бұл елге қару сатуын арттырып, саудиялық күштерге әскери жаттығулар жүргізді. Өткен 17 айда Ұлыбритания үкіметі шамамен 3 миллиард фунтқа (2,8 миллиард долларға) Сауд Арабиясына қару сатуға рұқсат берді.
Қару саудасымен күресу комитетінің ресми мәліметтері бойынша Сауд Арабиясы Ұлыбританияның ең үлкен қару сатып алушысы болып, 2010-шы жылдан бері 6 миллиард 700 миллион фунтқа бұл елден қару-жарақ сатып алды.
Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Сауд Арабиясына қару сатып, БҰҰ-ның Риядтың сынын тәжірибеден өткізіп, Арабстанға қатысты адам құқығын қорғау шекарасын анықтады.
Сауд Арабиясын адам құқығы мәселесіне қатысты айыптау – Сауд режимінің қызыл сызығы. БҰҰ-ның Сауд режимін айыптауы және бұл режимнің атын балаларды өлтірушілердің тізіміне енгізу, Сауд Арабиясын мұнай долларларының төленбеуімен қорқыту, содан соң бұл режимді аталмыш тізімнен шығару Батыстың адам құқығының Сауд Арабиясына деген ұстанымын көрсетеді.
Саудиялық доллар «Дамоклав» семсері сынды Еуропаның үстінен төніп, Ұлыбритания Қорғаныс министрінің Сауд Арабиясына қару сатуды қорғауы мен БҰҰ-ның Риядтың бұл ұйымға гуманитарлық көмектерін тоқтатуы туралы қоқан-лоққыларынан артқа шегінуі оның айқын көрінісі болып отыр.