Бартолон: Франция FATF ұйымы алдында Иранды қолдауға дайын
Франция Ұлттық жиналысының төрағасы: «Париж Халықаралық ақшаны жылыстатумен күрес ұйымының (FATF) шешіміне қатысты Иранды қолдауға дайын»,-деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Франция Ұлттық жиналысының төрағасы Клод Бартолон сәрсенбі күні Теһранда Иранның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейфпен кездесуінде Халықаралық ақшаны жылыстатумен күрес ұйымының Иранды қара тізімге енгізуіне тоқталып: «Франция Иранды қолдап, АҚШ-қа қысым жасау аясында шара қолдануды көздеп отыр»,-деді.
Франция Ұлттық жиналысының төрағасы өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының барлық баптарын орындауды мақсат тұрып отырғанын айтып: «Франция Иранмен экономикалық және банктік салада қарым-қатынасты кеңейтуге дайын. Бұл салада уақытты босқа жіберуге болмайды»,-деді.
Иран Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф те осы кездесуде Францияның саяси және парламенттік қайраткерлерінен Иран мен Францияның ірі банктері арасында байланыс орнатып, осы саладағы кедергілерді жою үшін әсерлі қадамдар жасауды сұрады.
Иранның Орталық банкінің басшысы, сондай-ақ Иранның FATF-тің қара тізіміне енгізілуін негізсіз саяси іс деп атап: «Халықаралық ақшаны жылыстатумен күрес ұйымының тізімінде Иранның аты Солтүстік Кореямен қатар тұр. Ал Нигерия мен Судан сияқты елдер әріптес ретінде танылған»,-деді.