Әзірбайжан Президентінің Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 24 Feb 2016 09:19:02 GMT )
Ақп 24, 2016 15:19 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Президентінің Ислам революциясының жетекшісімен  кездесуінде сөйлеген сөзі

Әзірбайжан Президенті өз елі мен Иран Ислам Республикасымен арадағы қарым-қатынастардың деңгейін жоғары деп бағалады.

Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев кеше, сейсенбі күні Теһранда Иран Президенті Хасан Руханидің қатысуымен өткен Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде Теһран мен Баку арасындағы ынтымақтастыққа қатысты 10 құжатқа қол қойылғаны туралы хабарлап, екіжақты қарым-қатынастарды бауырлас әрі жоғары деңгейде деп бағалап: «Сауда, транспорт пен коммуникация, энергетика мен өнеркіп салаларында жақсы қадамдар жасалды. Екі елдің барлық салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтуге күш салынады»,- деді.

Әзірбайжан Президенті Теһран мен Бакуді халықаралық мәселелерге қатысты пікірлес елдер деп атап: «Иран әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату саласында маңызды рөл атқарады. Әзірбайжан республикасы Иранның қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі деп санайды»,- деп баса айтты.

Әзірбайжан Президенті өз еліндегі ислам дініне қарсы әрекеттерді айыптап, бұл елге қарсы дұшпандылықтың себебін Әзірбайжан халқының діни наным-сенімдері деп атады.