«Халық майданы» партиясы Мохсен Самадовтың жеке камераға ауыстырылуын сынады
Әзірбайжан Республикасының «Халық майданы» партиясы осы елдің Ислам партиясының қамаудағы басшысы Мохсен Самадовтың жеке камераға ауыстырылуын сынады.
Ильхам Хосейн Баку үкіметінің түрмедегі исламшылдарға қысымдарының артқанына тоқталып: «Әзірбайжан Республикасында саяси қысымның жоғарылығы соншалықты, түрмедегілер жеке камераларға ауыстырылып, үнсіз қалуға мәжбүр. Бұл биліктің әлсіздігін көрсетеді. Мохсен Самадов Әзірбайжан Республикасында Конституцияның баптарына өзгеріс енгізу туралы референдум өткізуге наразылық ретінде аштық акциясын өткізгеніне байланысты жеке камераға ауыстырылды»,-деді.
Әзірбайжан Республикасының Исламдық партиясының басшысы жуырдағы бір хатында осы елдің Конституцияның баптарына өзгеріс енгізу туралы референдум өткізуге наразылық білдірген болатын.
Әзірбайжан Республикасының Конституциялық кеңесі 25 шілдеде осы елдің Конституцияның баптарына өзгеріс енгізу туралы референдум өткізуге келісім берді. Жоба бойынша Әзірбайжан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұлғаяды, «жас шектеуі» деген бап жойылып, «Президенттің орынбасары» деген лауазым қосылады. Бұл өзгерістер Ильхам Әлиевке өз билігін жалғастыра беруге рұқсат береді.