Қыр 13, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Обама Сауд Арабиясының үстінен шағым түсіру құқығына вето жариялайтынын айтты

Ақ үй: "АҚШ Президенті Конгрестің 11 қыркүйек оқиғасының құрбандары жанұяларының өтемақы алу үшін Сауд Арабиясының үстінен шағым түсіруге құқылы деген қаулысына вето жариялайды",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақ үйдің ақпарат өкілі Джош Эрнест дүйсенбі күні АҚШ Президенті Барак Обаманың осы қаулыға вето жариялауды мақсат етіп отырғанын мәлімдеп: «Басқа елдердің осы заңды сылтауратып, АҚШ дипломаттары мен әскерилерін, тіпті әлемнің түкпір-түкпіріндегі америкалық  компанияларды сотқа тартатын болатынын пайымдау қиын емес»,-деді.

АҚШ-ның Өкілдер палатасы жұма күні 11 қыркүйекте құрбан болғандардың жанұяларына Сауд Арабиясының үстінен шағым түсіруге құқық беретін жобаны бекітті.

Ауызша дауыс беру барысында бірауыздан қабылданған «Терроризмнің негізін қалаушыларға қарсы әділет заңы» деп аталын жоба 4 ай бұрын АҚШ Конгресінің Сенат палатасында бекітілген болатын.

Бұл қаулы Сауд Арабиясының қатты қарсылығына ұшырады. 2001 жылы 11 қыркүйекте болған шабуылдарға қатысқан 19 адамның 15-і Сауд Арабиясының азаматтары болған.   

Тегтер