Назарбаев: Өзбекстанның келешек ұрпағы Кәрімовты ұмытпайды
Қазақстан Президенті Өзбекстанның келешек ұрпағының осы елдің Президентін ұмытпайтындығына сенімді екендігін мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның марқұм Президенті Ислам Кәрімовке құрмет білдіру үшін кеше түстен кейін оның Самарқанд қаласындағы зиратына барды.
Қазақстан Президенті Кәрімовтың зиратына гүл шоғын қойып, құрмет білдіргеннен кейін Өзбекстанның марқұм Президентімен ұзақ жылдар бойы дос болғанын айтып: «Кәрімов Өзбекстанды өркендету, оның экономикасын дамыту және халқының әл-ауқатын арттыру үшін көп қызмет етті»,-деді.
Қазақстан Президенті, сондай-ақ, Өзбекстанның тұңғыш Президентінің аймақ елдерінің тарихи-стратегиялық байланыстарының нығаюы жолында айшықты рөл атқарғанын атап өтті.
Осы сапарда Назарбаев Өзбекстанның уақытша Президенті Шавкат Мирзияевпен кездесіп, кейбір мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
Мирзияев кездесуде Назарбаевтың Өзбекстанға сапармен келгеніне алғысын айтып: «Екі елдің қарым-қатынасы ежелден достыққа негізделген. Болашақта да осы күйде жалғаса беретіндігіне сенімдімін. Қазақстан мен Өзбекстан басшылары тәуелсіздік алғаннан кейін көп күш жұмсап, аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалды»,-деді.