Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Брюссельде Могеринимен кездесті
(last modified Fri, 16 Sep 2016 02:17:40 GMT )
Қыр 16, 2016 08:17 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Брюссельде Могеринимен кездесті

ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы мен Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жауапты тұлғасы кездесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалу үдерісі мен осы саладағы қиындықтар жайында сұхбаттасты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Əлиакбар Салехи мен Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жауапты тұлғасы Федерико Могерини жұма күні Брюссельде кездесіп, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларынан кейін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы орындалған соң да қаржы жəне банк саласында бар қиындықтар жөнінде кеңесті. 

Сондай-ақ, Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Əлиакбар Салехи сəрсенбі күні Брюссельде Еуропа одағының энергетика жөніндегі комиссары Кани Ятемен кездескеннен кейін: "Осы кездесуде Еуропа одағының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау үдерісі туралы міндеттемелері аясында жақсы ұсыныстар айтылды",-деді. 

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы, сондай-ақ, еуропалық тараптардың Иранның JET деп аталатын Еуропаның ядролық балқыту жобасына қатысуын қолдайтынын хабарлап:"Еуропалық тараптар Иранға ғылыми салада ұсыныстар жасап, Иранның ядролық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қаржылай қолдау көрсетуге əзір екенін мəлімдеді",-деді. 

 

Тегтер