Иранның Әзірбайжан республикасымен бауырластығына қатысты діни жетекшінің көзқарасы
(last modified Wed, 24 Feb 2016 10:51:08 GMT )
Ақп 24, 2016 16:51 Asia/Almaty
  • Иранның Әзірбайжан республикасымен бауырластығына қатысты діни жетекшінің көзқарасы

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, сейсенбі күні Теһранда Әзірбайжан республикасының Президенті Илхам Әлиевпен кездесуінде Иран мен Әзірбайжанның арасындағы жақсы саяси қарым-қатынас пен Теһран-Бакудің көптеген ортақ мәселелеріне тоқталып: «Иран Әзірбайжан халқын бауырлас ел, қарым-қатынастарын достық және көршілік қарым-қатынастардан жоғары санайды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Әзірбайжан республикасы халқының саяси тұрақтылығы, қауіпсіздігі, тыныштығы мен жақсы тұрмысы Иран үшін өте маңызды. Екі ел арасында жасалған келісімдер бойынша экономикалық айналым мен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарды арттыру қажет»,- деп қуаттады.

Иран мен Әзірбайжан Каспий теңізінің жағалауындағы стратегиялық маңызды екі мемлекет ретінде діни және тарихи ортақ ерекшеліктерге ие. Екі елдің исламдық қоғамы Иран мен Әзірбайжан халықтарын бір-біріне жақындатты. Халықтардың жақындастығы Баку-Теһран ынтымақтастықтарын кеңейтуге жол ашты.

Иран мен Әзірбайжан халықтарының діни ерекшеліктері мен исламдық сенімдері Баку мен Теһран үкіметтері үшін мықты қолдау. Бұл қолдауға сүйеніп, екі елдің үкіметі экономикалық ынтымақтастықтары мен саяси қарым-қатынастарын кеңейтеді. Иран мен Әзірбайжанның шекаралас облыстары бір-бірімен жақсы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынас орнатып, тіпті Әзірбайжанның азаматтары Батыстың емдеу-сауықтыру орталықтарынан гөрі Иранда емделгенді жөн көреді.

Иран мен Әзірбайжан халқы арасындағы қарым-қатынастар Теһран-Баку үкіметтерінің ынтымақтастығына жол ашып, Әзірбайжан Президентінің Теһран сапары екі елдің достығын растап, ынтымақтастықтарының одан әрі арта түстетінін қуаттайды. Иранның Әзірбайжанды дос мемлекет деп санайтындығын әзірбайжандық азаматтардың бұл елге визасыз келуге берілген рұқсат көрсетеді. Иранның Әзірбайжан азаматтары үшін визаны алып тастауы Иранның көршілес елге шынайы көңіл аударуының белгісі. Бұл саясат «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырылған кезең үшін ерекше маңызды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы Иран мен Әзірбайжан үшін саяси, экономикалық және мәдени салаларда, сонымен бірге лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту үшін жаңа мұрсат тудырды.

Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевтің 2014-ші жылғы сапарынан бері 11 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Қол қойылған құжаттар Иран мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықтардың перспективаларының айқын екенін дәлелдеді. Иранның Әзірбайжанмен ортақ инвестиция салуға дайын екенін жариялауы екі елді 2016-шы жылдың соңына дейін темір жолдарын бір-біріне қосуға міндеттеуде. Бұл жобаның іске асырылуы маңызды. Өйткені бұл жоба «солтүстік-оңтүстік» дәлізі мен аймақтың транзитін және Теһран-Баку қарым-қатынастарын дамытуда әсерлі рөл атқарады.

Экономикалық мәселелермен қатар мәдени мәселе де Теһран-Баку қарым-қатынастарына өз әсерін тигізеді. Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Әзірбайжан халықтарының әсіресе діни ортақ құндылықтарына тоқталып: «Исламдық тағылымдарды тарату және діни негіздерді құрметтеу қоқан-лоққыларға қарсы халықтың қолдауына себеп болады»,- деді.

Иран мен Әзірбайжан екі исламдық мемлекет ретінде ортақ қоқан-лоққылармен, соның ішінде экстремизм және лаңкестікпен бетпе-бет келіп отыр. Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша, «Исламның тағылымдарын тарату қиындықтар мен қоқан-лоққыларға қарсы күресте Алланың көмегі мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің пәк имамдарының қолдауына себеп болады».