Салехи Ұлыбританияның Қаржы министрімен кездесуінде банктік кедергілерді шешуді қуаттады
(last modified Fri, 16 Sep 2016 11:47:30 GMT )
Қыр 16, 2016 17:47 Asia/Almaty
  • Салехи Ұлыбританияның Қаржы министрімен кездесуінде банктік кедергілерді шешуді қуаттады

Иран Президентінің орынбасары әрі Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи бейсенбі күні Ұлыбритания Қаржы министрі Филип Хаммондпен кездесуінде осы ел мен Иран арасындағы банктік қарым-қатынастардағы кедергілерді шешу қажеттілігі туралы пікір алмасты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Салехи осы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында кездесу туралы: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырылғаннан бері көптеген мүмкіндіктер пайда болып, бүгінде көптеген банктер Иранмен жұмыс жасауда, бірақ үлкен банктер әлі қарым-қатынас орнатқан жоқ»,- деді.

Иран Президентінің орынбасары әрі Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы сонымен бірге бейсенбі күні Лондондағы еуропалық кеңестің сыртқы саясат орталығында сөйлеген сөзінде Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылығын қуаттап: «Біз екінші жақтан да санкциялардың күшін жою саласында міндеттемелерін жылдамырақ орындауын күтудеміз. Венада келісімге келгеннен осы уақытқа дейін Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі екі мәлімдеме жасап, Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімге табандылығын  жариялады»,- деді. Ол екі жақтың да өз міндеттемелерін орындау жауапкершілігіне тоқталып: «Кері жағдайда бір жақ өз міндеттемелерін толық орындаушы, ал екінші жақ әрдайым сылтау іздеуші болады»,- деп баса айтты.  

 

 

 

 

 

 

Тегтер