Әзірбайжан Республикасында төрт мемлекеттік қызметкер міндеттерін орындауда немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан шығарылды
(last modified Sat, 17 Sep 2016 16:07:28 GMT )
Қыр 17, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасында төрт мемлекеттік қызметкер міндеттерін орындауда немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан шығарылды

Әзірбайжан Республикасында жоғары лауазымды төрт мемлекеттік қызметкер міндеттерін орындауда немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан шығарылды.

Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің қоғамдық бөлімі сенбі күні осы елдің Қорғаныс өнеркәсібі министрі Явер Джамаловтың бұйрығымен  мемлекеттік төрт қызметкердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Әзірбайжан Республикасының Ширван қаласында орналасқан  Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің оқ-дәрі жасау зауытында жарылыс болып, 2 адам қаза тауып, 20 адам жараланғаннан кейін лауазым иелері қызметтерінен босатылды.

Айта кету қажет, 2015 жылдың маусым айында да Әзірбайжан Республикасының Ширван қаласында орналасқан Қорғаныс өнеркәсібі министрлігіне қарасты зауыттардың бірінде болған жарылыстан 1 адам қаза тауып, 20 адам жараланған болатын.